Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Допинг дауы: Жәнібек Әлімханұлына қатысты ел күтпеген шешім шықты

11:50, 21 қаңтар 2026

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы допинг дауына байланысты кәсіпқой шаршы алаңнан уақытша шеттетілді, деп хабарлайды Alash.kz. 

Қазақстанның кәсіби бокс федерациясының президенті Рахымжан Ерденбековтің айтуынша, қазіргі уақытта спортшының ісіне қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр және соңғы шешім шыққанша ол жекпе-жекке шыға алмайды.

Федерация басшысы қазіргі жағдайды былай түсіндірді: «Қайта қарау нәтижелері бойынша барлық материалдар тиісті ұйымдарға, соның ішінде World Boxing Organization (WBO), International Boxing Federation (IBF) және өзге де тараптарға жолданады. Олар Жәнібек Әлімханұлын чемпиондық белбеулерінен айыру немесе айырмау туралы шешім қабылдайды. Ал әзірге, тыңдаулар аяқталғанға дейін, ол жекпе-жектерге қатысудан шеттетілді».

Бұл мәселе бойынша түпкілікті нүктені халықаралық бокс ұйымдары қоймақ. Егер допинг қолдану фактісі расталса, Жәнібек Әлімханұлы өзіне тиесілі әлем чемпионы атақтарынан айырылуы мүмкін. Әзірге тыңдаулардың нақты қай күні аяқталатыны белгісіз.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар