Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Дональд Трамп: АҚШ Иранға қарсы ірі әскери операция бастады

15:54, 28 ақпан 2026

Дональд Трамп сенбі күні Америка Құрама Штаттары Иранға қарсы ірі әскери операция бастағанын мәлімдеді. Бұл туралы Alash.kz  хабарлады.

Трамп Truth Social платформасында 8 минуттық үндеу жариялап, операция Иранның ядролық және зымыран бағдарламаларына бағытталғанын айтты. Оның сөзінше, Тегеран ешқашан ядролық қаруға ие болмауы тиіс.

«АҚШ әскери күштері Иран аумағында ірі әскери операцияларды бастады. Біздің мақсатымыз – Иран режимінен төнетін тікелей қауіптерді жою арқылы америкалықтарды қорғау», – деді ол.

Трамп 2025 жылы Иранға жасалған шабуылдардан кейін Вашингтон Тегеранға ядролық бағдарламасын қайта бастамау туралы ескерту жасағанын мәлімдеді. Алайда Иран ұсыныстарды қабылдамаған.

«Біз бірнеше рет келісім жасауға тырыстық, бірақ олар келіспеді», – деді АҚШ президенті.

Оның айтуынша, ендігі мақсат – Ирандағы зымыран инфрақұрылымын жою және әскери-өнеркәсіптік әлеуетін әлсірету.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар