Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Доллар десе шошимыз: Лукашенко ШЫҰ отырысында доллардан бас тартуды ұсынды

17:21, 04 шілде 2024 534

ШЫҰ отырысында Беларус президенті Александр Лукашенко қаржы мәселесі туралы сөз қозғады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Stan,kz мәліметінше, ол долларға тәуелді болмас үшін белгілі бір стандарттарды қабылдау қажет деп санайды. Лукашенконың айтуынша, Беларусь тарапы ұлттық валютадағы екіжақты төлемдер механизмін және ШЫҰ ұжымдық қаржы институтын құру мәселесін қарастырып жатыр.

“Біз бәріміз, алыппыз, ұлымыз деп айтамыз. Біз халықтың 40%-на теңбіз. Дүние жүзіндегі жалпы ішкі өнімнің үштен біріне жуықпыз. Сатып алу қабілетінің доллармен есептегендегі паритет бойынша төмендеуі. Тек біздің ұйымда екі ең қуатты көшбасшы бар – Қытай мен Ресей Федерациясы. Бұл доллардың алдында бәріміз қалтыраймыз”, – дейді Александр Лукашенко.

Ол мүше-мемлекеттерді америкалық валютаға тәуелділікті азайту үшін белгілі бір стандарттарды қабылдауға шақырды. Сонда ғана "долларлық клубпен айла-шарғы жасайтындар" "мұның одан әрі жалғаса алмайтынын" түсінеді.

Лукашенко ШЫҰ-ның жаһандық саясаттағы рөлі жыл сайын нығайып келе жатқанын атап өтті. Ол Беларусь мемлекетінің салмағы мен беделі әлемде үнемі артып отыруы үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынын айтты.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар