Атырау облысында із-түссіз жоғалып кеткен отбасы әлі де іздестіріліп жатыр, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
Елді алаңдатқан оқиға жайлы арнайы зерттеу жүргізген Руслан Өтепбай Атырауға барып, күдікке ілінген Сұлтан Сәрсемалиевтің анасынан сұхбат алды.
"Желтоқсан айының басында Сұлтанға айттым: "Ақбаян ауырып тұр, балаларға қол жұмсап жатыр", – деп. Дірілдеп-қалтырап, өз-өзіне жауап бере алмайды. "Жақсы, мама, қаратайын", – деп Сұлтан алып кетті. Осы үйден Атырауға алып кетті. 11-і күні хабарласқанымда екеуі отырды. "Ақбаян жақсы ма?" – деп сұрадым. "Иә, жақсы, уайымдамаңыз", – деп жауап берді Сұлтан. 11 желтоқсан соңғы рет сөйлестік, одан кейін хабар жоқ", – деді күдіктінің анасы.