Лондон қаласында еврейлік ерікті жедел жәрдем қызметіне тиесілі көліктерді өртегені үшін үш ер адамға айып тағылды, деп жазды Alash.KZ.
Оқиға 23 наурызға қараған түні қаланың солтүстігіндегі Голдерс-Грин ауданында болған. Бұл өңір еврей қауымдастығы көп шоғырланған аймақ ретінде белгілі. Сол түні Hatzalah қызметінің жедел жәрдем көліктері өртелген.
Тергеу мәліметінше, айып тағылғандар — Ұлыбритания азаматтары: 20 жастағы Хамза Икбал, 19 жастағы Рехан Хан және Пәкістан мен Ұлыбританияның қос азаматтығы бар 17 жастағы жасөспірім. Оларға қасақана мүлікке зиян келтіру мақсатындағы өрт қою және адамдардың өміріне төнген қауіпті елемеу баптары бойынша айып тағылып отыр.
Бұған дейін осы оқиғаға байланысты екі ер адам ұсталған болатын, кейін олар сәуір айының соңына дейін кепілмен босатылды.
Hatzalah — еврей дәрігерлері құрған ерікті ұйым, ол дініне қарамастан барлық науқастарға жедел медициналық көмек көрсетеді.