Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Дінде рұқсат: Баян Алагөзова еркекті қалай жазалау керегін айтты (ФОТО)

13:38, 18 шілде 2024 890

Танымал продюсер Баян Алагөзова Татарстанның имамы Тимур Камаевтің әйелдерді ұру туралы пікіріне ойын айтты, - деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы  Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Жақында желіде "Татар-информ" мемлекеттік агенттігінде жарияланған видео таралып кетті. Кейін видеоға шектеу қойылған. Танымал болып кеткен видеода Татарстанның имамы Тимур Камаев әйелді қалай жазалау керегін айтқан. Танымал продюсер Баян Алагөзова имамның пікірі туралы ойын айтты. 

Ұру мен соғу әртүрлі нәрсе екен ғой сонда. Менің сұрағым бар: әйелінің күйеуіне көңілі толмаса оны немен ұру керек екен?", - деп жазды Баян Мақсатқызы әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Имам видеода әуелі әйелге оның істегені дұрыс емес екенін сөзбен айтып түсіндіру керегі, ал егер әйел сөз түсінбесе келесі кезеңде төсекті бөліп қою керегін айтқан. Осылайша еркек әйеліне өзінің қатесін түсінуге мүмкіндік беруі керек екен. Егер бұл да іске жарамаса аятта айтылғандай әйелді ұруға рұқсат етілгенін айтады имам.

 

 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар