Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Димаш Құдайберген наурыз айында Дубайда жеке концерт береді

07:08, 19 қаңтар 2022 192
Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген алдағы наурыз айында Біріккен Араб Әмірліктерінде жеке концерт өткізеді. Әнші бұл туралы Instagram-парақшасында жазды.

«25 наурызда екі жылдық пандемиядан кейін Дубай қаласындағы Coca Cola аренада өтетін үлкен жеке концертімнің өтетіндігін хабарлаймын. Билеттер сторис пен профиль сілтемесінде. Көріскенше, достар!», - деп жазды ол.

Сондай-ақ Д.Құдайберген Instagram-парақшасы бұғатталғанын айтты. «Өздеріңізбен біраздан бері байланысу мүмкін болмады. Мені іздеп жазған толассыз хаттарыңыз бен қолдауларыңыз үшін мың алғыс!», - дейді ол.

 

 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар