Журналист Кәмшат Тасболат Димаштың әндеріне қатысты пікір білдіріп, "жеңіске жетелейтін күші бар" деп бағалады, деп жазды Alash.kz ұлттық порталы.
Димаштың әндерінің бір жеңіске жетелейтін күші бар ма, әйтеуір, бұған дейін Олимпиадада Димаштың әндерінің сүйемелдеуімен өнер көрсеткен әлемдік мәнерлеп сырғанаушылар тек биік тұғырдан көрінген! Ең алдымен, әрине Олимпиаданың қола жүлдегері Денис Тен Димаштың “SOS” әніне сырғанады. Одан кейін ресейлік Анна Щербакова “Ave Maria” әніне сырғанап шығып, алтын медаль алды. Енді міне отандасымыз, алматылық Михаил Шайдоров Димаштың бірнеше композициясының қосылған әуеніне билеп шығып, Миландағы Қысқы Олимпиадада Алтын медальді иеленді. Димаш қай тілде айтса да, музыкасында ұлттық аспаптардың үні - домбыра мен қобыз, жетіген мен сырнайдың дыбысы шығып тұрады. Дала үні спортшыларға рух береді. Димашжан, аман бол! Жүз жаса. Ата-анаңның азаматтығы, патриоттығы, ерлігі бір төбе. Сыйлаймыз, бас иеміз! Шыны керек, қаншама спортшы олимпиадада Италияның атақты тенорларының музыкасына билеп келді, билеп те жатыр. Ал қазір Олимпиадада қазақ музыкасы шырқалып жатыр. Димаш, респект! - деді журналист.