«Дикий Арман» 20 жылға сотталды, деп хабарлайды Alash.kz.
Оған қаңтар оқиғасында Алматыда жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырды деген айып тағылған еді.
Сот бұдан өзге іс бойынша күдікті деп танылған 41 адамның барлығын кінәлі деп танып, 1 жыл 3 айдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырды.