Сара Назарбаеваның денсаулық жағдайына қатысты ресми диагнозы жарияланды, деп жазады Alash.kz Тұңғыш Президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібайға сілтеме жасап.
Сара Алпысқызы 2025 жылдың сәуір айынан бастап Алматыдағы ҚР Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығына қарасты Ұлттық госпитальда («Совминка») емделген.
Айдос Үкібай сол кезеңде Назарбаеваның миокардтың ауыр инфарктісін бастан өткергенін айтты.
Дәрігерлер жүректің ишемиялық ауруы, ұзақ уақытқа созылған ауыр қант диабеті мен өршіп тұрған созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі аясында дамыған жүрек және өкпе жеткіліксіздігі диагноздарын қойды.
Ұзақ уақыт бойы Сара Назарбаева өкпені жасанды желдету және жасанды бүйрек аппараттарының көмегімен ем алды.
Денсаулық жағдайының тұрақталуына байланысты үстіміздегі жылдың қаңтар айында ол стационардан шығарылды. Қазіргі уақытта Сара Алпысқызы Алматы қаласындағы үй жағдайында дәрігерлердің бақылауында