Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Депутат пен вице-министр сөзге келіп қалды

09:55, 13 ақпан 2024 313
Мәжілісмен Болатбек Нәжметдинұлы мен өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Тимур Қарағойшин жаңа Құрылыс кодексінің жобасын таныстыру кезінде сөзге келіп қалды.

Құрылыс кодексінің жобасы таныстырылғаннан депутат Болатбек Нәжметдинұлы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде жобаларды кешенді сараптамадан өткізетін бірыңғай портал бар екенін айтты.

Депутат мұндай құрал бола тұра, сараптама нарығын басқара алмай отырған ведомство бұл саладағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін қалай төмендетпек екенін сұрады.
«Түркияға байланысты, жер сілкіністеріне байланысты, яғни осы оқиғалар болғандықтан, сіз мемлекеттік сараптама арқылы мемлекеттік бақылауды күшейту туралы шешім қабылдадыңыз. Негізінен, жер сілкінісінің субъектілері 5 қабаттан жоғары. 5-қабатқа дейін сараптаманы жекеменшік иелері жүргізеді. Енді сіз мемлекеттік сараптаманы бақылауға алғыңыз келеді. Тағы да қайталап айтамын, сараптама жүргізу құқығын беретін бірыңғай оператор және бірыңғай құқық сіз арқылы жүзеге асады. Сіз жағдайды бақылай алмасаңыз да мемлекеттік сараптаманы өз қолыңызға алғыңыз келетінімен келістіңіз», – деді депутат.

Вице-министр Қарағойшин депутаттық сауалдың дұрыс емес екенін айтты.
«Сұрағыңызға рақмет, Қарағойшин ұйымдастырған нәрсе, бұл сұрақ – бәрі дұрыс емес. Мұндай бағаға депутат сауалының дұрыс-бұрыс еместігін өзі шешетінін айтты. «Менің сұрақтарыма баға беруге құқығыңыз жоқ. Бізге есеп беруге келдіңіз, сондықтан құқығымызды, статусымызды білейік», – деп Нәжметдинұлы шамданды.

Бұл ретте, вице-министр тосылып қалмады.
 «Менің жеке тұлға ретінде құқығым бар. Сөзімді бөлмеңіз. Мемлекеттік сараптаманың электрондық порталы туралы айтқым келеді. Жеке сараптамалық ұйымдар, әріптестерім біледі, олардың өз ақпараттық жүйесі бар. Мемлекеттік орган ретінде олардың құзыретіне араласуға құқығы жоқ. Бұл заңда қарастырылған. Ведомстводан тыс сараптама – ведомстволық емес. Тағы да қайталап айтамын, олардың өз ақпараттық жүйесі бар. Бұл жағдайды бақылау үшін олар мемлекеттік жүйенің басшылары сияқты қылмыстық жауапкершілікке тартылуы керек», – деді Т.Қарағойшин.

Айта кетейік, бүгін мәжілісте жаңа Құрылыс кодексінің жобасы таныстырылды.

Фото: ҚР Парламенті Сенатының ресми Telegram-парақшасынан
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар