Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Депутат болмақшы ма?" - Әнші Мөлдір Әуелбекова саясатқа бет бұрды (ВИДЕО)

19:01, 17 сәуір 2026
 

Белгілі әнші Мөлдір Әуелбекова «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының мүшелігіне қабылданды, деп хабарлайды Alash.KZ

Партия төрағасы Серік Егізбаев өнер иесіне партиялық билетті салтанатты түрде табыстады. Осылайша Мөлдір Әуелбекова ұйымның ресми мүшесі атанды.

"Мен оралдым! Серік Рахметоллаұлы бастаған @auyl_partiasyның мүшесіне қабылдандым! Бұл мен үшін тағы бір нық қадам! 2010 жылдан бастап бірнеше жыл Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының ұстазы болып қызмет жасағаннан кейін, 2017 жылдан “Қазақконцерт” мемлекеттік концерттік ұйымында шығармашылық топтың басшысы болдым. Кейін, бақытыма орай қыз босанып декреттік демалысқа кеттім. Құр отырмай 5 жылда  @beyne_official киім өндірісін ашып, 40 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отырмын. Қазақстан бойынжа 9 дүкен есігін ашты! Ал биыл, үзілістен кейін қайта өз өнер жолыма оралып, Қазақстанның барлық қалалаында мерейтойлық есеп беру концерттерімді беріп, турымды сәтті аяқтадым! Қолдап, сәттілік тілеп қойыңыздар, тілеулестерім!", - деп жазды өнер иесі. 

Алайда жұрт әншінің бқл әрекетін сынап тастады. 

"Байдан байға секіріп енді халыққа секірейін деді ме", "Депутат болмақшы ма?", "Саясатта несі бар?", "Жетпей тұрғаны осы еді", "Еріккеннің ісі", - деп жазды оқырмандар. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар