Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Шымкент қаласы әкімдігі ғимаратының жанында оқ жарақатын алған қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовтың жағдайын мәлімдеді, деп хабарлайды ALASH.KZ.
Ол ауруханаға түскен бойда шұғыл көмек көрсетілген: екі хирургиялық бригада төрт сағат бойы қажетті операциялар жасаған.
Пациенттің жағдайы тұрақтандырылған. Министрдің айтуынша, бүгінгі күні ол өздігінен қозғала бастаған, бірақ әлі де дәрігерлердің бақылауында.