Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Денсаулық сақтау министрлігі Ажар Ғинияттың ұсынысынан бас тартты

15:35, 14 наурыз 2024 465

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев экс-министр Ажар Ғинияттың МӘМС жүйесіне тіркелмеген қазақстандықтарды көлік жүргізу құқығынан айыру керек деген ұсынысынан бас тартқанын мәлімдеді.

«Бүгінде бұл мәселе күн тәртібінде тұрған жоқ. Қазір біз адамдарды медициналық сақтандыру жүйесіне тартудың басқа тетіктерін қарастырып жатырмыз. Ең алдымен әкімдіктер арқылы халықтың әлеуметтік осал санаттарын (жүйеге қосу керек). Себебі, жергілікті атқарушы билікте тиісті тетіктер бар...», - деді Тимур Сұлтанғазиев Сенаттың жалпы отырысынан соң.

Бұған дейін бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният МӘМС жүйесіне тіркелмеген қазақстандықтарды көлік жүргізу құқығынан айыруды ұсынған болатын. Сондай-ақ экс-министр МӘМС жүйесіне тіркелу неге маңызды екенін түсіндірген. 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар