Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Денесінің сау жері қалмаған, 2 литр қан жоғалтқан: Көкшетауда күйеуі өлімші етіп пышақтап тастаған әйел туралы сұмдық ақпарат шықты

09:01, 22 мамыр 2025 860

30 жастағы компания қызметкері өз күйеуінің қатыгез шабуылына ұшырады, деп хабарлайды ALASH.KZ.

Ер адам кеңсеге баса-көктеп кіріп, әйеліне бірнеше рет пышақ жарақатын салған.

Дәрігерлердің айтуынша, мұндай жағдайлар өте сирек кездеседі – әйелдің денесінде аман қалған жері болмаған. 

Дәрігерлердің сөзінше, зардап шеккен әйел ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілген. Қанның көп кетуі мен ішкі ағзалардың ауыр зақымдалуына байланысты оны зембілге жатқызу мүмкін болмаған – жедел жәрдем көлігіне әйелді отырып алып кіргізген.

Хирургтер төрт сағаттан астам уақыт бойы әрбір өмірлік маңызды ағзаны тіккен. Жалпы, әйел екі литрден астам қан жоғалтқан. Оны өлімнен аман алып қалған – пышақ жүрекке тимегендігі.

Қазіргі таңда науқас есін жиған. Көкшетау қалалық ауруханасының хирургия бөлімінің меңгерушісі Арман Қапановтың айтуынша, оның жағдайы ауыр болғанымен, тұрақты.

– Егер бәрі жақсы болса, ол тағы бір-екі күн жансақтау бөлімінде болады. Содан кейін хирургия бөліміне ауыстырылады. Қазіргі кезеңде қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетілді. Алайда науқастың қолдарының сүйектері мен буындары қатты зақымдалған – әйел соққылардан қорғануға тырысқан. Осыған байланысты травматологтармен бірге екінші ота жасау жоспарланып отыр, – деді дәрігер.

Келесі кезеңде қол байламдары мен сіңірлерін қалпына келтіру отасы жасалады. Алда әйелді ұзақ әрі қиын физикалық және психологиялық оңалу күтіп тұр.

Шабуыл жасаған ер адам оқиға орнында ұсталды. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жұмыстары жалғасуда.

Айта кетейік, 19 мамыр күні әлеуметтік желілерде Көкшетаудағы микроқаржы ұйымдарының бірінің кеңсесі жанында халық пен жедел-жәрдем қызметкерлерінің жиналған сәті түсірілген видео тарады.

Кейін белгілі болғандай, тұрмыстық жанжал кезінде күйеуі әйеліне пышақ жарақатын салып, қашып кетпек болған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар