Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Денесін бөлшектеп тастаған: Атырауда 62 жастағы әйелді туысы айуандықпен өлтірді

14:36, 10 ақпан 2025 1087

Атырауда 62 жастағы әйелді айуандықпен өлтірді, деп хабарлайды Alash.kz.

Бұл қылмысқа қатысты 35 жастағы күдікті ұсталды, ол марқұмның туысы болып шықты.

“Аталған қылмыс бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. 62 жастағы тұрғынды өлтірді деген күдікпен оның 35 жастағы туысы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды”, – деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.

Кей деректерге сүйенсек, қылмыскер өз құрбанын бөлшектеп тастаған. Оқиға орнынан дене бөліктері, оның ішінде жамбас сүйегі мен бас сүйек бөліктері табылған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар