"Ессенов" атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің студенті оқу орнында болып жатқан жайсыздықтарды баяндап видеожазба жариялады, деп хабарлайды Alash.kz.
"Біздің университетке екінші семестрде ауысқан студенттерді алдап жатыр. Оларға ақшаның жартысын ғана төлейсіз, қарыз жоқ деп айтады да, жыл соңында олардың да қарызы бірдей болып шығады. Сондай-ақ кейбір пәндер мамандардың жоқтығына байланысты академиялық семестрдің ортасында қосылады, сол себепті барлық тақырыпты бір аптаның ішінде оқып шығуға мәжбүр боламыз. Әрі кейбір кабинеттер жертөледе орналасқан. Ал дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері қыздарға орынсыз қимылдар жасауға мәжбүрлейді", – деді студент видеохабарламада.
Сонымен қатар факультет басшылығы студенттердің мәселесіне көз жұма қарайтынын айтты.