Демеу Жадраевтың үй жағына неге асфальт төселмеді? Бұл туралы Панфилов ауданы әкімнің баспасөз хатшысы Нұрбол Қанағат жауап берді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Асфальт төселу үшін құжаттар арнайы тексерістен өте керек екен.
“Ауылдағы Шойынбаев көшесіне жобалық-сметалық құжаты жасалған. Ұзындығы 1 200 метр. Құжат сараптамадан өту керек. Өткен жағдайда бюджеттен қаржы сұралады. Әзірге ол көшеге қаражаттан тыс асфальт төселмейді”, – деп жауап берді Нұрбол Қанағат.