Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Дәурен Абаев өз сұхбатында Ресей білімін мақтап, қазақ пен орыстың "туысқандығы" жайлы тебірене сөйледі

18:29, 04 мамыр 2024 667

2023 жылғы 3 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқаратын Дәурен Абаев ТАСС агенттігіне сұхбат берді. Өз сұхбатында Дәурен Абаев Астана мен Мәскеу арасындағы қарым-қатынасқа жоғары баға беріп, қорғаныс бойынша Киев билігі мен Ақорданы ештеңе байланыстырмайтын айтып бақты.Сонымен қатар,АЭС салуға қатысты шешімі референдумнан кейін белгілі жеткізді, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы ТАСC-қа сілтеме көрсете отырып. 

Дәурен Абаев өз сұхбатында Қазақстандағы руссофобия туралы мифті жоққа шығарды, Мәскеу мен Астананың одақтастар екенін мәлімдеді, олардың арасында ең жоғары саяси деңгейдегі өзара байланыс бар екенін атап өтті.

Қазақстандағы руссофобияға қатысты ақпараттардың барлығын жалған деп атап, екі ұлттың туысқан, тіпті мәдени тамырлас екенін жеткізді.

Бұл тақырып туралы ұзақ уақыт ойлауға болады. Қазақстан Республикасының Ресейдегі елшісі ретінде мені, мысалы, Қазақстанда руссофобия бар деген кейбір фейктер қатты шатастырады. Бұл миф. Бұл жайлы кейбір анонимді Telegram арналарында тарала бастайды. Бұл абсолютті нонсенс. Қазақстанда руссофобия жоқ. Қазақстанда 3 млн-ға жуық этникалық орыстар,біздің орыстар, біздің азаматтар тұрады. Егер қандай да бір руссофобия болса, елестетіп көріңіз. Мұндай үрдіс жоқ және мүмкін емес. Неліктен? Өйткені бізде ортақ тарих бар, ұқсас менталитет бар, тіпті белгілі бір дәрежеде мәдени код ұқсас, - деді елші. 

Сонымен қатар, журналистің Ресейдегі Росатоммен байланысты ҚР билігінінің қандай да бір келісімшарт жасау-жасамау жайын білмек болған сауалына жалпылама жауап айтты. Қазақстан халқының АЭС құрылысын салу мәселесін референдум арқылы шешетінін мәлімдеді. 

🗣Сұхбат барысында дипломатиялық байланыстарға тоқталып, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 8-9 мамырда Мәскеуге сапары жоспарланып отырғанын хабарлады. 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар