Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Дәтім бармады… Тыңдаудың өзі - ауыр”: Атыраудағы трагедияға қатысты журналист сұмдық ақпарат айтты (ВИДЕО)

20:57, 23 қаңтар 2026

Атыраудағы трагедияға қатысты істі зерттеп жүрген журналист Жанат Молдашева мәйіттер табылған күнгі оқиғаны айтып берді, деп хабарлайды Alash.kz.

Жанат Молдашева жоғалған отбасы туралы көрген білгенін баяндады:

Бәрін нақтылап алу үшін Шалқар деген жігітке хабарластым. Ол бәрін баяндап берді. “Ағайындар жиналып, есіктің алдында тұрдық. Өзіміз бастап қарайықшы деп, сарайға кірдік. Диван бұрын басқа жерде тұратын еді. Орыны ауысқан екен. Осы жерді көрейікші. Бұрын негізі басқа жерде тұратын еді. Өзіміз ығыстырдық. Астында стяжка болатын еді. Ол бұзылған. Топырақ жатыр екен. Ашып жатқан кезде құзырлы органдардың өкілдері келген. Күрек әкеліп қазған. 1 метрдей қазған кезде жұмсақ топырақ астынан ағамды көріп қалдық. Арғы жағынан жеңгемнің қолын байқадым. Әрі қарай дәтім бармады. Иістенген” деді. Оны басқа жігіттердің бірі алып шыққан сияқты. Тыңдаудың өзі ауыр болды... 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар