Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Дәстүрдің де өз жолы бар». Қызының тұсауын Динара Сәтжанға кестіргенін блогердің әрекеті ел арасында қызу талқыға түсті

18:00, 09 мамыр 2026

Белгілі блогер Айжан Қыдырман қызының тұсаукесер рәсімін танымал тележурналист Динара Сәтжанға кестіргенін әлеуметтік желіде жариялап, көпшіліктің қызу талқысына түсті, деп хабарлайды Alash.kz. 

Айжан Қыдырманның айтуынша, ол бұрыннан Динара Сәтжанның бойындағы нәзіктік, даналық, қарапайымдылық пен қайсарлықты ерекше бағалап келген. Блогердің сөзінше, дәл осы қасиеттер оның қызының тұсауын кесуге лайық жан ретінде таңдалуына себеп болған.

«Егер Алла қаласа, үш ұлдан кейін дүниеге қызым келсе, міндетті түрде оның тұсаукесерін дәл осы Динара ханымға сеніп тапсырар едім деп армандайтынмын. Міне, шүкір, сол арманым орындалды», – деп жазды ол.

Сондай-ақ блогер 41 жасында қызды болғанын айтып, бұл сәттің өзі үшін ерекше әсерлі әрі жүрекке жылы қуаныш екенін жеткізді. Ол қызының мейірімді, дана, парасатты, жүрегі таза, қайсар әрі инабатты болып өсуін тілейтінін атап өтті.

Алайда желі қолданушылары бұл таңдауға түрлі пікір білдіріп, кейбірі сынға алды. Пікір қалдырушылардың бір бөлігі тұсаукесерді дәстүрге сай, өнегелі, көпшілік үлгі тұтатын адамға кестіру керек екенін алға тартқан.

Желіде «басқа адам табылмады ма», «тұсау кесетін дұрыс тағдырлы адам болмады ма», «дәстүрдің де өз жолы бар» деген сарындағы пікірлер жиі жазылған.

Осылайша, қарапайым отбасылық қуаныш әлеуметтік желіде қызу талқыланып, қоғамда түрлі көзқарас тудырды.

 
 
 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар