Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Дастан Сәтпаев пен Шерхан Қалмырзаның аналары кімдер?

Дастан Сәтпаев пен Шерхан Қалмырзаның аналары кімдер?

Желіде "Қайрат" ойыншысы Дастан Сәтпаев пен қақпашы Шерхан Қалмырзаның аналары туралы деректер тарады, деп хабарлайды Alash.KZ сайты Dalanews.kz дерегіне сүйеніп.

Дастанның анасы – Мадина Сәтпаева. Ол әлеуметтік желілерде өзін көп жарияламайтын жан. Дегенмен, ұлы секілді белсенді өмір салтын ұстанады: спортпен шұғылданады, йогаға қызығады, таңғы тәртіпті берік сақтайды.

Дастанның футболға деген ынтасын алғаш байқаған – атасы. Бірақ ол құлшыныстың үлкен алауға айналуына себепкер болған – анасы.

Ал Шерханның анасы – Сәуле Рабаева. Ол медиа саласында еңбек етіп, «Түнгі студия», «Балапан» секілді жобалардың продюсері ретінде танылған.

Бірақ Рабаеваның ең үлкен "жобасы" – ұлы. Шерханның бойындағы қайсарлық та анасының мықты мінезінен нәр алғандай.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар