Алматы облысы әкімінің орынбасары Әсет Масабаев жол апатынан ауыр жарақат алды, деп Alash.kz тілшісі Orda.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға 8 шілдеден 9 шілдеге қараған түні өңірдегі тас жолдардың бірінде болған. Көлікті оның жүргізушісі тізгіндеген.
Шенеунік шұғыл түрде облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта ол жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, Масабаевқа "бірнеше жерден жарақат алу", "ми шайқалу", "кеуде тұсының жабық жарақаты", "қабырғалардың сынуы" және "көгерулер" диагнозы қойылған. Жағдайы ауыр деп бағалануда.
Әсет Масабаев Алматы облысы әкімі Марат Сұлтанғазиевтің орынбасары қызметін атқарады. Ол құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, көлік, энергетика, сәулет және қала құрылысы салаларын қадағалайды.