Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Дәрігерлер өлімін тіркеген: Әйел адам жаназа кезінде табыт ішінде тіріліп кетті

08:50, 04 маусым 2025 1609

Пльзень қаласындағы зейнеткер әйелді өлді деп ойлаған, алайда ол табыт ішінде тіріліп кеткен, деп хабарлайды ALASH.KZ.

Чехияның Пльзень қаласында қайтыс болды деп есептелген зейнеткер әйел табыт ішінде тіріліп кетті.

Оқиға 30 мамыр күні болған. Қарт ер адам жедел-жәрдем қызметіне қоңырау шалып, өзінің 88 жастағы әйелі тыныс алмай жатқанын және қозғалмайтынын хабарлаған.

Жедел-жәрдем диспетчері оған өмірлік белгілерді қалай тексеру керектігін түсіндірген, бірақ ер адам еш өзгеріс байқалмағанын айтқан.

Оқиға орнына келген дәрігер әйелді қарап, өлімін тіркеген.

Содан кейін мәйітті жерлеу қызметкерлері алып кеткен.

 Алайда әйелді табытқа салған кезде, ол кенеттен көзін ашқан.

Таңғалған қызметкерлер дереу жедел жәрдем шақырған. Әйел адам шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген.

Қазіргі таңда оның жағдайы ауыр деп бағалануда.

Соңғы жылдары әйел ауыр сырқаттармен күресіп, бірнеше инфаркт алғаны белгілі.

Оқиға бойынша жергілікті дәрігерлер мен полиция бақылау жүргізіп жатыр.

Чехиялық IDNES.cz порталының хабарлауынша, тергеу басталған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар