Актер Олжас Абай желідегі парақшасында жазба жариялап, актриса Дариға Бадықовамен қарым-қатынасы туралы айтты, деп жазады Alash.kz.
«Кей адамдар біздің қарым-қатынасты ақшаға тіреп қояды. Бірақ мен кино саласында жүргеніме 16 жыл болды, иә рас менің танымымды берекеге айналдырып, өмірімнің одан әрі табысты болуына себеп болған Дариға… Біз соңғы төртінші жобамызды бірге түсіріп жүрміз. Еңбекпен келген табысым өзіме жеткілікті.
Ақша үшін жүр деген сөзді есту мен үшін ыңғайсыз. Себебі байлық та, бақ та адамға жайдан-жай келмейді. Оның артында жылдар бойғы еңбек, тәуекел, тәртіп және талант тұрады. Адамның қалтасына емес, жүрегіне, мінезіне және еңбегіне қараған дұрыс», – деп жазды Олжас Абай.