Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Дарға аспағандарыңа рақмет". АҚШ президенті Дональд Трамп Иран билігіне өз алғысын жаудырып жатыр

12:07, 17 қаңтар 2026

АҚШ президенті Дональд Трамп Иран билігіне наразылық акциясына қатысушыларды өлім жазасына кеспегені үшін алғыс білдірді, деп жазды Alash.kz. 

Бұл туралы ол өзінің Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

«Иран басшылығы кеше жоспарланған дарға асу арқылы орындалуы тиіс барлық өлім жазасын (800-ден астам) тоқтатқанын терең құрметпен қабылдаймын. Рахмет!» – деп жазды Трамп.

Журналистердің араб және израильдік ресми тұлғалар оны Иранға соққы жасамауға көндірді ме деген сұрағына АҚШ президенті мұндай ықпал болмағанын айтып, «мен өзімді өзім көндірдім» деп жауап берді.

Сондай-ақ Трамп ирандық наразылық білдірушілерге уәде етілген «көмек әлі де жолда ма?» деген сауалға «көре жатармыз» деп қысқа қайырды. Айта кетейік, ол 13 қаңтарда «көмек жолда» екенін айтып, Ирандағы наразылыққа шыққандарды мемлекеттік органдарды басып алуға үндеген еді.

Бұған дейін Ақ үй Иран билігіне егер наразылыққа қатысушыларды өлтіру жалғасатын болса, «ауыр салдар» болатынын ескерткен.

Ал Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Левитттің айтуынша, Иранда «800 өлім жазасын орындау» жоспарланған, алайда олардың барлығы тоқтатылған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар