Астанада қоғамдық дәретханада видео түсіргендер жауапқа тартылды, деп хабарлайды Alash.kz.
Астанада қоғамдық дәретханада әлеуметтік желіге арналған видео түсірген екі тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Полиция департаментінің мәліметінше, тәртіп сақшылары елорда саябақтарының біріндегі қоғамдық дәретханада түсірілген видеоны жариялаған автор мен оған қатысушыны анықтаған.
Белгілі болғандай, 20 және 22 жастағы Астана тұрғындары әлеуметтік желіге контент түсіру мақсатында дәретхана кабинасындағы әйнектің күңгірттену функциясын әдейі қоспаған.
Олардың әрекеті ұсақ бұзақылық ретінде бағаланып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Қазіргі уақытта жиналған материалдар сотқа жолданды. Іс бойынша түпкілікті шешімді сот қабылдайды.