Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Дәптерге қисық жазғаны үшін қызын пышақтаған 7-ші баласына аяғы ауыр ана 6 жылға сотталды

15:01, 18 ақпан 2025 416

Сабағын ұқыпсыз жазғаны үшін қызын пышақтаған көпбалалы ана сотталды, деп хабарлайды Alash.kz.

Солтүстік Қазақстан облысында 7-ші баласына жүкті, көпбалалы ананы 12 жасар қызын пышақтағаны үшін соттады.

Әйел қызының мектеп дәптеріне сабағын ұқыпсыз жазғанына ашуланып, оның санына екі рет пышақ сұққан.

«Бұл әйелдің алғашқы қылмыстық ісі екенін және оның жүкті екенін ескере отырып, сот ең төменгі жаза – орташа қауіпсіздік колониясында алты жыл бас бостандығынан айыруды тағайындады», – деп жазады петропавлдық 7152.kz басылымы сот материалдарына сілтеме жасап.

Жарақат алған мектеп оқушысы өскен отбасында алты бала бар. Ата-анасы әлеуметтік қызметтердің есебінде тұрмаған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар