Танымал журналист Асхат Ниязов ШҚО-ның экс-әкімі Даниал Ахметовтың резиденциясына шолу жасады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Резиденцияда 15 бөлме бар. Одан бөлек теннис ойнайтын алаңы мен түрлі демалыс орындары бар. Алайда, қазіргі таңдв ғимарат күтімсіз қалғаны байқалады.
Бірнеше жұмыс орны, биллиард ойнайтын жер, монша, бассейн де бар екен.
Журналистің бейнематериалында резиденция ішіндегі бренд жиһаздың астын сызып көрсетеді. Бұл диван Versace жиһазы. Бағасына келер болсақ, бір креслоның өзі 5 миллион теңге тұрады.
Барлығын қосқанда (екі кресло, диван, журнал үстелі) 20 миллион теңге шығады екен.
Қазіргі кезде экс-әкімнің резиденциясы емдеу-сауықтыру орнына айналған.