Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Дәлелім жеткілікті… Сотқа беремін…»: Жансая Әбдімәлік Бибісара Асаубаеваға қатаң ескерту жасады

09:49, 23 сәуір 2026

Қазақстандық танымал шахматшы Жансая Әбдімәлік әріптесі Бибісара Асаубаевамен арадағы бірнеше жылға созылған дауға қатысты соңғы ескертуін жасады, деп жазады Alash.kz. 

Спортшы бұдан былай өзінің атына айтылған негізсіз айыптаулар мен жалған ақпараттарға төзбейтінін, мәселені заң аясында шешуге дайын екенін жеткізді. Әбдімәліктің айтуынша, оның қолында өзін қорғауға қажетті барлық дәлелдер мен құжаттар жинақталған.

Шахматшылар арасындағы шиеленіс 2021 жылдан бері толастамай келеді. Алғашқы келіспеушілік Бибісара Асаубаеваның Әлем кубогындағы жеңісінен кейін басталса, 2022 жылы «3 миллиард теңге» төңірегіндегі шулы мәлімдемелермен жалғасты. Ал 2023 жылы Нью-Делиде өткен халықаралық турнир кезінде тараптардың бір-біріне деген сыны тіпті күшейе түскен болатын. Жансая Әбдімәлік бұл жағдайларды жай ғана жеке пікір емес, қасақана жасалған жала деп бағалап отыр.

Спортшы өз ұстанымын нақты білдіріп:

«Айтарым да, дәлелім де жеткілікті. Енді қайталанса — адвокаттарым бар, сотқа беремін», – деп мәлімдеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар