Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президенті Дональд Трамптың Украинада президент сайлауын өткізу қажет деген мәлімдемесіне жауап берді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
«Мен әрқашан дайынмын», – деді Зеленский.
Еске сала кетейік, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Украинада президент сайлауын өткізу қажет деген болатын.
«Көп уақыт өтті. Жағдай онша мәз емес. Қазір сайлау өткізу маңызды деп ойлаймын. Олар соғысты сайлау өткізбеудің себебі ретінде көрсетіп отыр. Бірақ менің ойымша, украин халқының таңдау жасау құқығы болуы керек. Кімнің жеңетінін білмеймін. Бірақ олар көптен бері сайлау өткізген жоқ. Білесіздер ме, олар демократия туралы айтады, бірақ бір сәтте бұл енді демократия болмай қалады», – деді Трамп Politico басылымына берген сұхбатында.