COVID-19 дертінің әлем бойынша қайтадан өршуі мүмкін, деп хабарлайды ALASH.KZ.
Америкалық ғалымдар Қытайдан HKU5-CoV-2 деп аталатын жаңа COVID-19 штаммын анықтады.
Зерттеушілердің айтуынша, бұл вирус — бар болғаны «аздаған» мутация, бірақ жаңа пандемия туындатуы мүмкін.
Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде, атап айтқанда Сингапур, Таиланд, Гонконг және Үндістанда COVID-19-дың жаңа жағдайларының көбеюі аясында, америкалық зерттеушілер Қытайда анықталған HKU5-CoV-2 вирусы жаңа пандемияның себебі болуы мүмкін деп күдіктеніп отыр.