Қазақстандықтар америкалық стример IShowSpeed-ті (шын аты – Даррен Уоткинс-младший) елге шақыруда белсенділік танытып жатыр, деп хабарлайды ALASH.KZ.
Бұл қызығушылық оның Қазақстан туралы айтқан пікірінен кейін күшейген.
2024 жылдың шілдесінде ол Қазақстанды «Казакакан» деп атап, оны Израильмен шатастырған болатын .
IShowSpeed қазір Моңғолияда. Алдағы уақытта Таяу Шығыс пен Оңтүстік-Шығыс Азияға тур жоспарлап отыр.
Ол Иран, Ауғанстан, Ливан, Египет және Алжир сияқты елдерге баруды көздейді .
Алайда, Қазақстан бұл тізімде жоқ.
Қазақстандық жанкүйерлер әлеуметтік желілерде #ComeToKazakhstan хэштегімен оның назарын аударуға тырысуда.
Олар елдің мәдениеті мен табиғаты туралы ақпарат бөлісіп, оны Қазақстанға шақыруда.
IShowSpeed-тің Қазақстанға келу-келмеуі әзірге белгісіз.
Алайда, жанкүйерлердің белсенділігі оның назарын аударуы мүмкін.