Актер Тәуекел Мүсілім Қазақстанның Олимпиадаға жұмсаған шығынын айтып, еліміздегі жемқорлықты сынады, деп хабардайды Alash.Kz.
«Не дейміз енді... Сол баяғы жемқорлық, сол баяғы тойымсыздар. Ал өзбек ағайындарды шын жүректен құттықтаймын», - деп жазды ол instagram парақшасында.
Актер Қазақстан мен Өзбекстанның Олимпиадаға жұмсаған шығынын салыстырған. Бюджеттен бөлінген шығын көрші өзбек елінде 160 миллион доллар болса, біздің елімізде 660 миллион доллар жұмсалған.