Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бюро адамдары Мұстафаның осы қызметке кәміл жарайтындығын біліп лайықтап отыр - Әлихан Бөкейхан

23:50, 23 сәуір 2024 391

БЮРОҒА ЕКІНШІ АДАМ ҚОЮ

(IV-інші Думаның мұсылман фракциясындағы Қазақ өкілеттігі турасында)

Мұсылман фраксиясы қасындағы Бюроға қазақтан кісі қоюға жұрт қаулы қылғанда Бөкей-Ханов баруын ұнатып, екінші адамның баруын қаржы қанша табылуына қаратып еді. Қазірде екі кісінің жылдық қаражатына жетерлік ақша табылса да, жұрт екінші кісісін атамай тұр еді. Сөйтіп тұрғанда Бюро адамдарынан хабар келді: олар Бөкей-Хановтан басқа Бюрода дәйім қызмет ететін екінші адамның қазір де өте керектігін білдіреді.

Себебі, 25-інші июн жарлығы тақырыпты Бюрода қазақ ісі көбеюі һәм тез арада Государственни Дума ашылуы. Осы екінші кісіге Бюро адамдары ыстудент юрист Мұстафа Шоқаевты лайықтайды.

Мұстафа Шоқаев - мұсылман комитеті ашылғаннан бері сонда қызмет етуші еді. Бюро адамдары Мұстафаның осы қызметке кәміл жарайтындығын біліп лайықтап отыр.

Осылар жаратып, жұмысқа шақырып отырған адамын біз де жарайды деп білеміз һәм Бюроға қойылатын екінші адам Мұстафа Шоқаев болуын ұнатамыз.

Осы кезде Бюроға барып жатқан қазақ істері көп, Государственни Дума болса, ноябірден бастап ашылайын деп тұр. Сондықтан Мұстафа Шоқаев 1-інші ноябірден бастап Бюродағы қазақ жұмысына кірісуін өтінеміз.

Ғали хан.

«Қазақ» газеті, №203, 1916 жыл. 31 өктәбір. Мәскеу.

Дереккөз: Бөкейхан Әлихан Нұрмұхамедұлы (1866-1937).

Шығармаларының 9 томдық толық жинағы.6 том.– Астана, 2013.

Alash.kz ұлттық порталы

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар