Нүкенованы қорлықпен өлтірген Қуандық Бишімбаев тұрған тұрғын үйге халық байкот жариялады.
Қазақстандықтар 2Gis қосымшасына Астанадағы Қуандық Бишімбаев тұрған «Central Park» тұрғын үй кешеніне жағымсыз пікірлер жазған.
«Мұнда қанішер тұрған», «Бұл үйге байкот жариялаймыз», «Қылмыскермен көрші тұру деген қандай қорқынышты еді», «тіпті 1 деген бағаны аяймын», «Қарғыс атқан үй», «Бұл үйде кісіні өлігенше азаптаған Қуандық тұрған» деген пікірлер өріп жүр.
Арасында «1 бал қоятындай үйдің қандай кінәсі бар» деп Бишімбаев тұрған үйдің рейтингін түсірмеуді сұраған пікір де кездеседі.