Прокурор Айжан Аймағанованың айтуынша, Бишімбаев жүгінген көріпкелдің басына қауіп төніп тұр. Көріпкел өз қауіпсіздігі үшін қорқатынын айтқан, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.
"Оған қысым жасалып жатыр, белгісіз нөмірлер хабарласып жатыр. Басына қауіп төніп тұр. Осыған байланысты ол БАҚ өкілдерінің қатысуынсыз және тікелей эфирсіз жабық режимде жауап алу туралы өтініш жазды", – деді прокурор.
Бұған барлық тараптар қарсылық білдірді, өйткені сот процесі ашық режимде өтіп жатыр.
Судья Құлбаева БАҚ-қа куәгердің сауалнамалық деректерін және оның бейнесін көрсетуге тыйым салды.