Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бишімбаев ісі: Камералардағы жазбаларды өшірген куәгер мән-жайды айтты

17:02, 29 наурыз 2024 400

Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сотта Гастро орталықтың жалға беру бөлімінің басшысы Қалмұрат Молдақаш куәлік етіп жатыр.

13:00-де орталықтың бірінші қабатында бәрі жұмыс істеп тұрды. Ал 2-ші қабатта ешкім жоқ болды. Сонда мен әкімші Гүлзада Исмаиловадан ресторанның неге ашылмағанын сұрадым. Ол "Бау" ресторанында санитарлық күн деп айтты. 14:00-де кабинетке Гүлзада келіп "Бақытжан Байжан хабарласып, Гастро орталықтағы бейнекамералардағы жазбаларды өшіру керек", - деп айтты. Гүлзада Бақытжан Байжанға хабарласты. Кейін Бақытжанның өзі кабинетке келіп, менен көмектесуін өтінді, - дейді Қалмұрат Молдақаш.

Куәгердің айтуынша, орталықта арнайы ІТ мамандары жұмыс істемеген. Сондай-ақ орталық басшысы Бақытжан Байжан мен әкімші Гүлзада Исмаилова өзін өте байсалды ұстаған.

Гастро орталықта жүйелік администраторлар жұмыс істемейді. Сондықтан біз диспетчерлік кабинеттің кілтін алып, камераларды Гүлзада ашып, маған көрсетті. Бақытжан Байжан Гүлзадаға барлық бейнежазбаны өшіруді тапсырған. Сондықтан бейнежазбаларды біртіндеп өшіре бастадым. 15 минутта бәрін өшіріп тастадым. Сол кезде қасымда Гүлзада болды, кейін Бақытжан Байжанның өзі келді. Кейін бәрін өшіріп, кабинетті кілттеп, өз жұмысыма оралдым, - дейді куәгер.

Куәгер бейнежазбадағы көріністерді көрмеген. Бұған дейін мұндай жағдай болмағанын атап өтті. Сондай-ақ бейнежазбаны өшіру себебін де сұрамаған. 

Сағат 16:00-де Бақытжан Байжан куәгерден мүсәтір спиртін әкелуді сұраған.

Не үшін керек екенін айтпады. Тек шұғыл түрде әкелуімді сұрады. Мен орталық жанындағы сауда орталығындағы дәріханаға барып, алып келдім. Спирттің не үшін керегін де анықтап, сұрамадым. Сонан соң өз кездесулеріме кеттім, - дейді куәгер.

Орталық қызметкерлерін 18:00-де бір шараға шақырған.

17:40-та Бақытжан Байжанға хабарласып, шараға бару-бармайтынын сұрадым. Бірақ ол уақыты жоқ екенін айтып, бармады. Оқиға туралы шарада отырғанда, 20:00-ге қарай әкімші Гүлзада хабарласып, орталықта төтенше жағдай болғанын айтты. Ол айналада полиция қаптап кеткенін айтты. Ол 2-қабатта кісі өлімі болғанын айтты, - дейді куәгер.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар