Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бұрынғы түрме хирургы "Дикий Арманның" өзіне өзі қол жұмсауы туралы айтты

10:10, 03 ақпан 2025 281

20 жылға сотталған Арман Жұмагелдиев (Дикий Арман) тергеу изоляторында тамырын кесуге тырысқанын Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті растаған еді, деп жазады Alash.KZ "Әшкере" телеграм арнасына сілтеп.

Оған дереу медициналық көмек көрсетілген, қазір жағдайы қалыпты. 

Аталған жайтқа орай 5 жыл бойы түрме ауруханасында хирург болып істеген кәсіпкер және қоғам белсендісі Ерлан Нұрпейісов пікір білдірді.

Оның айтуынша, білектегі беткі веналардың кесілуі әдетте өмірге аса қауіп төндірмейді:

“Бұл әрекеттерді нағыз су..цид деуге келмейді. Мұндай жарақат тіпті өздігінен тоқтауы мүмкін, өйткені қан қысымы төмендеп, тамыр ішкі қан ұйығымен жабылады”.

Нұрпейісов түрмеде мұндай әрекеттер көбіне наразылық білдіру, не жазасын өтеу жағдайынан уақытша қашу үшін жасалатынын айтады.



Көбіне, түрмедегі "лидердердің" қысымына ұшырағандар қысқа мерзімді госпитализацияға шығып кетуді көздейді.

Ал шынымен өзін-өзі өлтіргісі келетін адамдар, дейді ол, анағұрлым ауыр әдістерді таңдайды. 

Қазір Арман Жұмагелдиев ерекше бақылауда, онымен психологтар жұмыс істеуде. Комитет дерегінше, жарақат жеңіл болғанымен, осындай әрекеттерге мән беріп, арнайы тексеріс жүргізу міндетті шара.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар