Бұрынғы Қорғаныс министрі жаңа қызметке тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
“Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды”,- делінген хабарламада.