Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бұрынғы министр Бекетаевты қамақта ұстау мерзімі ұзартылды

09:28, 09 қазан 2024 388

Сот шешімімен бұрынғы министр Бекетаевты қамақта ұстау мерзімін ұзартылды, атап айтқанда, оның 19 қыркүйектен бастап бірден үш айға тағы еркіндігі шектеледі. Бұл туралы Alash.kz ұлттық порталы хабарлады.

«Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық соты күдікті М.Бекетаевқа қатысты қамауда ұстау шарасын 2024 жылдың 21 желтоқсанына дейін ұзартуға санкция берді», - делінген хабарламада.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметінің мәліметінше Марат Бекетаевқа қатысты қылмыстық іс тергеуі аяқталған. Қазір қылмыстық іс қатысушылары іспен танысып жатыр. Содан кейін іс сотқа жолданады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар