Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бұрынғы әкім мен оның әйелін өлтіріп кеткен: Күдікті олардың немересі (ФОТО)

10:47, 06 ақпан 2025 433

Самараның бұрынғы әкімі Виктор Тархов пен оның әйелін өлтіріп кеткен, басты күдікті ретінде олардың Екатерина атты жиені ұсталған, деп хабарлайды Alash.kz Azattyq Rýhy сайтына сілтеп.

Mash каналының жазуынша, Тархов пен оның әйелін таныстары қаңтар айынан бері көрмеген, тек телефон хаттары арқылы сөйлесіп тұрған. Ол хаттарды Екатерина ата-әжесінің атынан жазып отырған. Ол Тархов іститін компанияның кеңсесіне атасының қолы қойылған құжаттарды апарып тұрған.

Алдын-ала тергеу мәліметі бойынша, Екатерина атасының мүліктерін:Toyota RAV4 көлігін, икондар коллекциясын, қымбат бұйымдарын сатып жіберген. Қыздың әрекеттері күдік тудырған соң, тергеу басталған.

Тағы бір нұсқада Екатерина ата-әжесін өлтіріп, мәйітін құртып жібергені айтылады. Бейнекамераларды тексерген полиция Виктор Тархов пен оның әйелінің қаңтар айының басында үйлеріне кіргеннен қайта шықпағанын анықтаған. Сол үйге 4-8 қаңтар аралығында немересі кіріп-шығып жүрген. Бір күні қыз күдік тудыратын үлкен қара қапшықтарды алып шыққан. Полиция оны тексерген кезде, қыздың пластик бөшкелер сатып алғаны белгілі болды. Екатерина 3 ақпанда ұсталған, ол куәлік беруден бас тартып отыр. Тархов пен оның әйелінің денесі әлі табылған жоқ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар