Атырау облысы Жангелдин ауылында жоғалған ерлі-зайыптының өліміне қатысы бар деп күдікке ілінген Сұлтан Сарсемәлиев жайлы жаңа дерек шықты, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
Журналист Жанат Жақсыбайқызы Kursiv.Media YouTube-арнасына берген сұхбатында Сұлтан Сарсемәлиевті елді мекенде ешкім танымайтынын жеткізді.
“Күдікті Сұлтан Сәрсемәлиев деп жатыр. Бірақ сол ауылда бірде-бір адам Сұлтанды танымайды екен. Сұлтан ол ауылға көп келмейді екен. Одан бөлек туыстары да Сұлтанды жақын танымайды. Бұрын бір-екі рет көрген, одан кейін Сұлтанмен жақын қарым-қатынаста болмаған. Араласпаған.
Анасының айтуынша, қателеспесем, күзетші, жүк тасушы болып жұмыс істеген. Әр түрлі жерде жалдамалы түрде еңбек еткен. Нақты бір жерде тұрақты жұмыс жасамаған сияқты. Денсаулық сақтау басқармасына “Шетелге асып кеткен ерлі-зайыпты қандай да бір есепте бар ма? Анықтап беріңіздерші”,- дегенімде, сонда Ақбаянның психдиспансерде есепте тұрғаны анықталды. Сәрсемәлиевтің анасымен де сөйлестік. Ол кісі келіннің ауыратынын, төртінші баладан кейін сырқаттанғанын айтты. Келінім бар кезде де бес баланы өзім қарап отырмын, өйткені ол ауырады деп еді”,- деді журналист.