Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бұрыңғы күйеуі әйелін балаларының көзінше 27 рет пышақ сұғып өлтірген

11:26, 09 сәуір 2024 604

Қырғызстанда жан түршігерлік жаңа тұрмыстық зорлық-зомбылық оқиғасы тіркелді. Бішкекте ер адам өзінің бұрынғы азаматтық некедегі әйелі 34 жастағы Рахима Айқымбаеваны баласының көзінше айуандықпен өлтірген. Айқымбаеваның жақындарының айтуынша, экс-күйеуі 27 рет пышақ сұққан. Кейін өз аяғымен полиция бөлімшесіне барып, кінәсін мойындаған.

Рахиманың түрмедегі анасының айтуынша, оның өмірін қиған адам марқұмның екінші күйеуі болған.

«Рахима бірінші некесінен екі ұл туып, ДЦП ауруына шалдыққан баласы қайтыс болған соң үшінші баласын, яғни қызын асырап алған. Екінші күйеуі Рахиманы бірнеше рет қатты соққыға жыққан», - дейді марқұмның анасы.

«Олардың сал ауруына шалдыққан баласы болған. Кейін ол бала қайтыс болды. Сол қиын уақыттарда мен оған қамқорлық жасадым. Күйеуі Рахиманы қалай ұрғанына куәмін: ол оның басынан қазанмен ұратын, бірнеше рет есінен танып құлады. Ал қазір оны"Ал енді, ол оны доғал  рет пышақ сұғып айуандықпен өлтірді. Оқиға барысында Рахиманың қолында кішкентай қызы блолған. Екі ұлы арғы бөлмеде. Мұндай жауыздарды өлім жазасына кесу керек!»

Көршілерінің айтуынша, бұрынғы күйеуі өзі полицияға барып, кісі өлтіргенін мойындаған. Ол Рахиманы опасыздық үшін өлтіргенін айтты. Кейін Ішкі істер министрлігі күдіктінің үстінен «Ерекше қатыгездікпен кісі өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын баяндады.

«Әйелдерді қорғау керек болған кезде заң жұмыс істемейді, Рахима бірнеше рет ұрып-соғып жатқанын айтып, полицияға арыз жазған, бірақ олар отбасылық істерге араласа алмайтындарын айтты», - дейді Рахима Айқымбаеваның әпкесі Миргүл Былжиева.

«Бұл туралы маған ол өзі айтты. Олар әйелді өлтіріп қойғаннан кейін қозғала бастайды. Біз айыпталушының заң аясында жазалануын талап етеміз», - деді әпкесі.

«Өзі күн секілді еді... Айтыңызшы, енді не істеймін? Қалай өмір сүремін?  Ол 10 жыл жазасын өтеп, бостандыққа шығатын шығар. Ал қызымды кім қайтарады», - деп жылады Рахиманың анасы Салқынай Құрманова.

Анасының айтуынша, екі ай бұрын Рахима күйеуінен ажырасуға шешім қабылдаған. Бірақ бұл шешімі күйеуіне ұнамаған. Соңғы екі ай ішінде әйелін қайта өзіне қайтармақ болған күйеуінің соңғы амалы оны өлтірумен аяқталған.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар

Абай мен Әлихан кездесті ме?

16:47, 13 желтоқсан 2024 163