Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың ісі сотқа жетті

20:42, 19 шілде 2024 758
 
Бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың ісі Астана сотына жіберілді. Астана сотынің мәліметінше, іс "өте құпия" санатта, деп хабарлайды Alash.KZ inbusiness.kz сайтына сілтеп.

Бұл ақпарат Жоғарғы сотта да расталды. Экс-министрдің қылмыстық ісі Астананың ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотына жіберілді.

"Аса құпия" ісі бойынша басқа деректер жария етуге жатпайды.

Айта кетейік, бұған дейін  ішкі істер министрлігінің бұрынғы басшысы Ерлан Тұрғымбаевтың ұсталғаны туралы БАҚ жарыса жазған еді.

Сонымен қатар, 20 наурызда Бас прокуратура Тұрғымбаевтан қаңтар оқиғасы ісі бойынша жауап алғанын хабарлаған едік. Ал, 30 сәуірде ішкі істер министрлігінің бұрынғы басшысы Тұрғымбаевқа қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалған болатын. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар