Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бурабайдағы балалар сауықтыру орталығында 10 бала ауруханаға түсті

12:58, 08 шілде 2024 784
Олардан тонзиллит, бронхит, ларинготрахеит, назофарингит анықталған деп хабарлайды Alash.kz сайты.  

Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, Павлодардағы балалар үйінің тәрбиеленушілері 2024 жылдың 30 маусымынан бастап Edelweiss borovoe балалар сауықтыру орталығында болған, деп жазады Inbusiness.kz сайты. 

"7 шілде күні, шамамен сағат 11:30-да он балаға диагноз қойылып, олар Щучинск қаласының көпсалалы балалар ауруханасына жатқызылды. Қабылдау бөлімінде балаларды инфекционист және отоларинголог қарап, COVID, ротавирус пен энтеровирусқа, менингококкқа талдама алынып, қанның жалпы анализі жасалды. Екі балаға кеуде қуысы ағзаларының рентгенографиясы жасалды. Үш балаға бұлшықет ішіне антибиотиктер, қалғандарына ауыз арқылы қабылданатын антибиотиктер және тамақты шаю тағайындалды", — делінген хабарламада.

Алты балада тонзиллит, екеуінде бронхит, біреуінде ларинготрахеит, ал тағы біреуінде назофарингит анықталды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар