Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Бұл - заңсыз! 1,5 млн адамның шотын ашуға әрекет жасаймыз!»: Мұрат Әбенов тың мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

15:38, 12 наурыз 2026

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Alash.kz ұлттық порталына берген сұхбатында алаяқтар рәсімдеген несиелер мен нотариустардың заңсыз әрекеттерін қатаң сынға алды.

Депутаттың айтуынша, бүгінде елімізде 1,5 миллион азамат алаяқтар заңсыз рәсімдеген несиелердің зардабын тартып, шоттары бұғатталып, қиын жағдайға тап болып отыр.

Мұрат Әбенов банктер мен микроқаржы ұйымдарының сотқа бармай-ақ, таныс нотариустар арқылы азаматтардың шотын бұғаттауын «коррупциялық норма» деп атады.

«Қазір шоттардың 99%-ын жауып жатқан сот емес. Бұл - коррупциялық норма. Нотариус ешкімді шақырмай, өзі сырттай шешім шығарады да, шоттарды бұғаттап тастайды. Бұл - заңсыз. Жаңа Конституция қабылданғаннан кейін, сол 1,5 миллион азаматтың шотын ашуға әрекет жасаймыз», - деді депутат.

Халық қалаулысы несие рәсімдеу кезінде азаматтың жеке өзінің қатысуы мен биометриялық сәйкестендіруден өтуі міндетті екенін ескертті. Егер бұл талаптар сақталмаса, несие заңсыз болып саналады және азамат оны төлеуге міндетті емес.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар