Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Бұл – тек бастамасы!»: Олимпиада Чемпионы Михаил Шайдоров ерекше жазба жариялады (ФОТО)

20:53, 25 ақпан 2026

Миланда өткен Қысқы Олимпиада ойындарында мәнерлеп сырғанаудан чемпион атанған отандасымыз Михаил Шайдоров елге оралған соң желіде жазба қалдырды, деп мәлімдейді Alash.kz.

Бүгін мен үшін ерекше күн, мен туған елім – Қазақстанға оралдым. Жұртшылықтың мені қаншалықты жылы қарсы алғанына шын жүректен тебірендім. Туған жердегі мұндай қолдау мен үшін өте қымбат.

Олимпиада ойындарында өз елімнің намысын қорғау мен үшін үлкен мәртебе болды. Асыл арманым орындалды! Әлемнің басты спорттық аренасында Қазақстанның гимнін шырқаттым.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа жоғары деңгейде танып, спорттағы еңбегім мен жетістіктерім үшін орденмен марапаттағанына шынайы алғысымды білдіремін. Бұл мен үшін ерекше маңызға ие.

Осы арманға жетер жолым ұзақ әрі оңай болған жоқ. Әрдайым жанымда болып, маған сенген және қолдау көрсеткен ата-анама, жаттықтырушыларыма рақмет айтамын. Барша қазақстандықтарға сенімдері мен қолдаулары үшін алғыс білдіремін.

Бұл – тек бастамасы ғана. Алда әлі үлкен жұмыс күтіп тұр! 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар