Мәжіліс депутаты Айдарбек Ходжаназаров Руслан Берденовке оқ атқан жанның мақсаты қандай болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды ALASH.KZ.
"Бәрі жақсы, дегенмен ол ауыр жарақат алған. Оған үш рет оқ атылған. Мұндай шабуылдан, мұндай атыстан аман қалу өте қиын. Оңалту біраз уақытты алады. Қатты уайымдадық", – деді Айдарбек Ходжаназаров.
"Менің ойымша, бұл жерде саяси астар жоқ. Бұл – жеке мәселе. Ешқандай нұсқаға сенбеймін. Бұл қарапайым тұрмыстық қылмыс деп ойлаймын. Ол (Берденов – еск.) әзірге жауап бере алмайды", – деді депутат.