Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Бұл - Құдайдың жауабы мен маған сыйы". Ақан Сатаев жары Альмира Тұрсын екінші сәбиін дүниеге әкелді

10:38, 23 қаңтар 2026

«Томирис» фильміндегі басты рөлі арқылы көрерменге кең танылған актриса Альмира Тұрсын екінші сәбиін дүниеге әкелді. Актриса перзентханада түсірілген суреттерін әлеуметтік желіде жариялап, нәрестеге ерекше есім бергенін мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.kz

«Біздің қызымыз – Айя-Сафия өмірге келді. Ол – менің арманым, дұғам және Құдайдың жауабы мен сыйы. Аллаға шүкір», – деп жазды Альмира Тұрсын.

Қуанышты жаңалықты актрисаның жұбайы, режиссер Ақан Сатаев та әлеуметтік желі арқылы бөлісті.

«Құдайдың қалауымен қызымыз дүниеге келді. Айя-Сафия, бұл әлемге қош келдің, бақытты бол!», – деп жазды режиссер.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар